kztag.com

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері туралы ақпаратты Еңбек министрлігі жариялады.

В Министерстве труда Казахстана озвучили средний размер пенсии в стране.

Нұр-Сұлтан. 16 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда жылдың басынан республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға - 1 трлн 920,2 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 413 мың адамды құрайды.

2024 жылғы 1 қазанға қарай орташа зейнетақы мөлшері 131 810 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы - 89 211 теңге, базалық зейнетақы - 42 599 теңге.

Еске салсақ, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға жеке тағайындалады, оның зейнетақы жүйесіне қатысу стажы ескеріледі. Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу стажына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйеде жұмыс стажы, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады.

Бұған дейін Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнетақысын көтеретіні туралы хабарланған болатын.