Нұр-Сұлтан. 1 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Талғат Қуанышев ForteBank акционерлік қоғамының жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалды, хабарлайды банкінің баспасөз қызметі.
"ForteBank" АҚ директорлар кеңесі банк басқармасының төрағасы Бекжан Пирматовтың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды. "ForteBank" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы ретінде бұрын банк директорлар кеңесінің құрамында болған Талғат Қуанышев тағайындалды. Бекжан Пирматов "Верный Капитал" компаниялар тобына басқа жұмысқа өтеді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Талғат Қуанышевтың Қазақстанның қаржы секторында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар екенін ерекше атап өту керек. Бұған дейін ол "АТФБанк" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "АТФ Лизинг" АҚ сияқты қаржы институттарын басқарды.
Бұрын "Байтерек" холдингі басшысы болып тағайындалған болатын.