Нұр-Сұлтан. 20 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ел үкіметі, банк және Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу процесінің сәтті аяқталғанын хабарлады.
Реттеу нәтижесінде Қазақстан Ұлттық банкі Стати тараптарының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қатысты активтерге талаптарын қайтарып алуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларында болған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін өз басқаруына қайтаруына қол жеткізді", - банк баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жағдай операциялық икемділікті арттыру және кең ауқымды әлеуетті инвестициялық серіктестерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұзақ мерзімді кірістілігін жақсартуға жағдай жасайды.
Тұрақты реттеу туралы келісімнің нақты шарттары құпия болып табылады", - деп қосты банк.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың шілде айында ҚР үкіметі, Ұлттық банк және Стати тараптары дауды бейбіт жолмен шешу туралы келісімге қол қойған болатын.
Бұған дейін Әділет министрлігі Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк және Стати тараптары дауды реттеу жұмыстарын аяқтады деп мәлімдеген.