49 жастағы шенеуніктің отставкасының себептері көрсетілмеген.
Байбазаров үкімет басшысының орынбасары әрі экономика министрі болып бір жылдан аз уақыт қызмет етті. Ол ақпан айында тағайындалған.
Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда Нұрлан Байбазаров 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Ол қаржы министрлігінде, ұлттық экономика министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды. 2022 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанның даму банкі басқармасының төрағасы, 2023 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін «Байтерек» холдингінің төрағасы болды.
Қазан айының соңында Байбазаров 2025 жылы ЖІӨ-нің өсуі 5,6 пайыз болады деп болжанғанын айтты. Бұған дейін үкіметке келесі жылы ЖІӨ-нің өсуін 6 пайыздан төмендетпеу тапсырмасы берілген болатын.
2023 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ, үкіметтің мәліметі бойынша, 4,4 пайызды құрады. Үкімет бұл көрсеткіштің мұнай өндіру болжамдарының орындалмауымен байланысты екенін түсіндіреді.
Қазақстан билігі көптеген жылдар бойы экономиканы әртараптандыру, өңдеу секторын дамыту қажеттілігі туралы айтып келеді, бірақ мемлекет бюджеті әлі күнге дейін мұнай мен экспортқа шығарылатын басқа шикізат бағаларына едәуір дәрежеде тәуелді.