Қорғаныс министрлігінің офицері педофилиямен күдіктелуде. Ақмола гарнизонының қызметкері Астанадағы ауруханада сегіз жасар баланы зорлауға әрекеттенгені жайлы ақпарат желіде пайда болды. Құқық бұзушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағандарын Ішкі істер министрлігі растады, деп жазады КТК.
Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери қызметшілердің бірі бойынша жыныстық құқық бұзушылық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот санкцияларымен ол қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде, - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адилов.