Бұл туралы баспасөз конференциясында облыс әкімі Нурдаулет Килыбай хабарлады.
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында айтылған тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласында балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында 1500 орындық «Мектеп оқушылары сарайы» пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда қазіргі заманғы орталықта 3500-ден астам бала тегін қосымша біліммен қамтылған.
Сонымен қатар, колледж студенттері үшін 500 орындық жатақхана демеушілердің қаражаты есебінен ашылды. Осылайша, Ақтау қаласында орналасқан колледждердегі жатақханалар мәселесі толықтай шешілді.
«Комфортты мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 13 білім нысандарының құрылысы басталды.