Ведомстводан хабарлағандай, операция 15 желтоқсанда өтті. Құрамында тыйым салынған заттар бар өнімдер дайындалу сәтінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Соттың шешімімен екі күдікті қамауға алынды.
Тінту барысында шамамен 2 кг дайын психотроптық зат «мефедрон», сондай-ақ оның өндірісінде қолданылатын зертханалық жабдықтар мен химиялық компоненттер тәркіленді.
Ұсталғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу басталды.