Туризм саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 40%-ға артып, 6,6 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы облыс әкімі Нурдаулет Килыбай СЦК-да өткен брифингте мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласының жалпы жоспарымен танысып, «Жылы жағажай» ауданында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Осы тапсырма аясында облыс орталығының жалпы жоспары әзірленді, 2027 жылға дейін өңірде 100 миллиард теңге инвестициялық құны бар 11 жобаны іске асыру жоспарлануда. Биыл 8,5 миллиард теңге сомасына 3 жоба іске қосылды.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес «Кендерлі» курорттық аймағының жалпы жоспары әзірленді. Бұл өңірде жылына 300 мың адам қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның іске асырылуы Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етеді және негізгі жүктемені азайтады», - деді Нурдаулет Килыбай.
Келесі жылы Маңғыстау облысындағы «Жыланды» мүйісі туристік нысан ретінде абаттандырылады, ал Бекет-Ата жолының бойында визит-орталық салынады.