kztag.com

Қазақстан Президенті Сербияға ресми сапармен келді.

Президент Казахстана прибыл в Сербию с официальным визитом.

Белград. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен келді. Белград әуежайында мемлекет басшысын Сербия президенті Александр Вучич қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Сербияның әуе кеңістігінде Қазақстан президентінің ұшағын қабылдаушы елдің әскери-әуе күштерінің ұшақтары сүйемелдеді.

Сапар бағдарламасының орталық пункті – жоғары деңгейдегі келіссөздер болады. Президенттер екі мемлекеттің саяси, сауда-экономикалық, транспорттық-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдердің қол қойылуы күтілуде. Сондай-ақ Сербия премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.