Нұр-Сұлтан. 28 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Нұр-Сұлтандағы баспасөз конференциясында Қазақстанда АЭС құрылысын және мердігерді таңдау тақырыбын жеке өзі көтерген- көтермегендігі туралы сұраққа жауап берді.
Біз бұл мәселені кеше тар және кең құрамда өткен келіссөздер барысында едәуір назарға алдық. Қазақстан атом энергетикасы саласындағы жобаларын жүзеге асырған жағдайда, әрине, кез келген тапсырыс беруші ретінде өзіне ең қолайлы технологиялық шешімдерді және қаржылық схемаларды таңдауға құқылы", - деп атап өтті Ресей Президенті.
Ол Ресейдің "Росатом" компаниясы әлемдегі өз саласының ең ірі компаниясы екенін, соның ішінде шетелде салынып жатқан атом электр станцияларының саны бойынша да алда екенін айтты.
Біз жай ғана электр станцияларын салып жатқан жоқпыз. Әдетте, біз бұл қызмет түрін бастаған елде сала қалыптастырамыз. Біз кадрларды даярлаймыз, қажетті материалдарды жеткіземіз, пайдаланылған отынды аламыз және т.б., атом саласындағы ғылымның дамуына ықпал етеміз", - деді Владимир Путин.
Оның айтуынша, егер Қазақстан тарапында қандай да бір шешімдерді, соның ішінде үшінші елдердің технологиялық шешімдерін қолдану қажеттілігі мен тілегі болса, оларды бірлескен жұмысқа тарту да мүмкін, және "Росатом" шетелдік серіктестермен осындай ынтымақтастық тәжірибесіне ие.
Соңғы шешім әрқашан тапсырыс беруші тарапында. Бірақ менің ойымша, Қазақстанмен осы бағытта ынтымақтастық жасау мүмкіндігі өте жоғары. Әлемдегі уранның ең үлкен қорларына ие Қазақстан бұл шикізатты пайдаланып, тек экспортқа шығармайды деп ойлаудың өзі қызық", - деді РФ басшысы.
Еске сала кетейік, Қазақстан АЭС құрылысын жүргізу үшін халықаралық консорциум құру мүмкіндігін қарастыруда. Мемлекет басшысы азаматтық атом энергетикасы саласында Қазақстан мен Францияның ынтымақтастығы туралы мәлімдеді. ҚР Премьер-министрі атом энергетикасындағы ынтымақтастықты "Росатом" басшысымен талқылады.