Нұр-Сұлтан. 4 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда .
Телефон әңгімесі фин тарапынан басталған, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Тоқаев пен Стубб сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме соңында мемлекет басшысы Александр Стуббты және Финляндия халқына алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.