Қазақстандық боксшы ел чемпионатында жеңіспен бастады, деп хабарлайды .
Теміртас Жүсіпов Vesti.kzАлғашқы жекпе-жегінде Жүсіпов 48 келі салмақ дәрежесінде Рамазан Рузибаевпен кездесті.
Жекпе-жек толығымен Жүсіповтың пайдасына шешілді, ол бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Екінші раундта рефери Рузибаевқа тағы да нокдаун есептеді, содан кейін Жүсіпов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Жүсіпов 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ екі дүркін Азия чемпионы (2013, 2019) және Әлемдік бокс сериясының (WSB) жеңімпазы. Ал Жоламан туралы айтатын болсақ, қазақстандық 2016 жылы әлем чемпионы атанған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионаты 18 желтоқсанда басталып, 24-інде аяқталады. Оған 450 спортшы қатысуда, соның ішінде Қазақстан құрамасының көптеген жетекшілері бар. Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысудан босатылған.